Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

Еркіндік ауылдық мешіті (Фото)

Еркіндік ауылдық мешіті

Шет ауданы Еркіндік аулында бой көтерген. Ғимаратты Тұрсын Жәкештегі 2009 жылы жаңа заманға сай етіп салған. Жалпы ауданы 531 шаршы метрді құрайтын ғимараттың қабырғасы сары кірпішпен, іргетасы табиғи қызыл таспен қапталған. Төрт жағында алтын түстес мұнара көтерілген. Алдыңғы екі мұнараның биіктігі 15, айшығының биіктігі 3,5, артқы жағындағы екі мұнараның биіктігі 2,5 метр. Өзінің геометриялық жүйесін тапқан төрт мұнараның ортасында биіктігі 5 метр, көк түсті кафельмен қапталған, айшығының биіктігі 1,5 метр күмбез орнатылған. Ауласының жалпы аумағы 1400 шаршы метрді құрайды. Есігінің алдына 150 шаршы метрге тас төселген. Айналасы әдемі оюлы бетон дуалмен қоршалып, аула сыртында автокөлік тұрағына арнайы 300 шаршы метр алаң дайындалған.

Ғимараттың екінші қабатының кіре беріс дәлізінде 2 адам қатар тұрып жуынатын әйел және ер адамдарға арналған 2 бөлме, қыс мезгілінде сырт киім, аяқ киім шешетін орын қарастырылған. 80 шырақты аспалы шамы, 7 пластикалық терезесі бар. 300 адамдық намаз оқу залы кең, әрі жайлы.

Екінші қабатта арнайы шәкірттер дәрісханасы мен имам бөлмесі орналасқан.

Бірінші қабаттың сол қанатында мәйітхана бар. Ал, оң жақ қанатында заманауи жабдықтармен жабдықталған 220 адамға арналған асханасы жұмыс істейді.

Мечети этой области или города