Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Изенді» ауылдық мешіті (Фото)

«Изенді» ауылдық мешіті

Нұра ауданы, Изенді аулында, Строительная көшесінде орналасқан. 2009 жылы Отарбаев Қанат Жариясұлының демеушілігімен салынған.

Жер аумағы 0,25 га. Ауласына 46 шырша отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Айнала өрнекті шарбақпен қоршалған. Ғимарат артында жылыту қазандығы жеке салынған, көмірмен жылытылады. Ғимараттың сырты кірпішпен қаланған. Күмбезінің биіктігі 9, айшығы 1,5 метр. Мұнарасының биіктігі 11, айшығы 1,5 метр. Күмбезі мен мұнарасы көк түспен боялған. 6 терезесі мен есігі пластиктен қойылған. Есігінің алдына тас плитка төселген. 4 бөлмеден тұрады. 160 кісіге арналған намаз оқитын залына жайнамаз кілемдер төселген. Михраб қуысталып жасалған. Күмбезінің астына аяттың қазақша мағыналары жазылған. Имам бөлмесінде үстел және кітап сөрелері қойылған.

Мечети этой области или города