Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

Балқаш қалалық мешіті (Фото)

Балқаш қалалық мешіті

Қараменді би көшесінде 1994 жылы салынған. Жобаның авторлары «БІЗ» жобалау мекемесі, құрылысты жүргізген «Балқашмыс» өндірістік бірлестігі. 100 кісіге арналған. Жалпы аумағы 479,41 шаршы метр, намаз оқитын залының ауданы 151 шаршы метр. Қосымша 250 кісілік асхана және 30 адамдық  дәріс алатын ғимарат және келіп-кететін қонақтарға арналған 2 бөлмелі үй бар. 

Мешіт ауласы темір дуалмен қоршалған. Жан-жағына талдар егіліп, гүлдермен безендірілген. Жамағат демалатын орындар бар.

Ғибадатхана ішінде бас имам және 2 наиб имам, хатшы, кітапхана, дәріс алу бөлмелері бар. Сондай-ақ неке қиятын, балаға азан айтып, ат қоятын күмбез асты бөлмелер бар.

Мечети этой области или города