«Балақажы» мешіті
«Балақажы» мешіті Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, Карл Маркс көшесінде бой көтерген. Жалпы аумағы 600 шаршы метр, сырты ақ селикат кірпішпен қапталған. Мұнарасының биіктігі 24, ал күмбезінің биіктігі 15 метр, айналасы шарбақпен қоршалған. Шарбақтың ішкі жағынан айнала ағаштар отырғызылған, алдындағы гүлзарға жылда гүлдер егіліп, күтіледі. Алаң асфальтталған.
Ғимараттың оң жақ қанатында 100 шаршы метр жерге тас плитка төселген. Ерлердің намаз оқитын залы 200 шаршы метр, екі есігі бар. Залдың ортасына 20 шырақты аспалы шам ілінген. Михрабы Құран аяттарымен безендірілген. Екінші қабатында әйелдер намаз оқитын 112 шаршы метрлік зал 8 аспалы шаммен жарықтанады. Оның төбесі әдемі оюлармен өрнектелген. Үшінші қабатында алаңы 50 шаршы метр дәрісхана мен кітапхана орналасқан. Дәрісхананың іші парта, тақта және басқа да керек-жарақтармен жабдықталған. Кітапхана қоры діни әдебиеттермен толықтырылып отырады.
Дәлізінің ауданы 70 шаршы метр, еденіне кафель төселген. Оның сол жағында бас имамның бөлмесі орналасқан. Оның алаңы 18 шаршы метр, оң жағында 18 шаршы метрлік Құран оқитын бөлме қарастырылған. Наиб имам бөлмесінің алаңы да 9, есепші бөлмесінің алаңы да 9 шаршы метр. Барлық терезелері пластиктен жасалған. Жылу жүйесімен қамтамасыз етілген.
МУСУЛЬМАНСКИЕ ПРАЗДНИКИ

05.06.2019







+7 7172 999 866
г. Астана, ул. Карасаз 3