Астанада РАНТ мүшесі, Петропавл қаласындағы «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Мақсат Жұмажановтың қатысуымен діни-ағарту бағытындағы кездесулер өтті.
Елордада болған екі күндік сапары барысында Мақсат Жұмажанов мешіт жамағатымен, шәкірттермен және дін қызметкерлерімен кездесіп, түрлі тақырыптарда уағыз-насихат жүргізді.
Басқосуда діни қызметтің маңызы, уағыз-насихат жүргізу әдебі мен дін қызметкерінің қоғам алдындағы жауапкершілігі мәселелері қамтылды.
Сондай-ақ, РАНТ мүшесі медресе шәкірттерімен де жүздесіп, білім алудың артықшылығы, ұстазға құрмет, ізденіс пен ізгі амалдардың маңызы жөнінде ой бөлісті.
Кейін діни оңалту бағытының Астана қаласы бойынша жауапты маманы Рақымқазы Қабдысалыммен бірге ҚАЖ департаментіне қарасты № 3 түзеу мекемесінде болып, жазасын өтеушілермен кездесу өткізді. 










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Астана қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
muslim.kz
23.11.2026
35
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру