Ақтөбе қаласындағы орталық мешітте дін қызметкерлеріне арналған «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Тағылымды шараны осы орталық мешіттің ұстазы, өңір бойынша «Шариғат және Пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Талғат Аманов жүргізді.
Семинар барысында уағыз-насихат айтудың қоғамдағы маңыздылығы мен рухани жауапкершілігі кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ жамағатқа насихат айтудың әдебі, сөйлеу мәдениеті, ойды жүйелі әрі түсінікті жеткізу, тыңдаушы аудиторияның жас ерекшелігі мен діни сауаттылық деңгейін ескеру мәселелері жан-жақты талқыланды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
23.11.2026
150
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру