Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елорда имамдары жасанды интеллект бойынша білімдерін жетілдірді

Астана қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі muslim.kz 23.11.2026 110 0 пікір
Елорда имамдары жасанды интеллект бойынша білімдерін жетілдірді

Астанада қала имамдарына арналған «Жасанды интеллект құралдарын кәсіби қолдану» тақырыбында практикалық семинар өтті. 

Сабақты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікқанұлы жүргізді.

Жиынға қатысқан қаланың Бас имамы Нұрбек Әуесханұлы жасанды интеллект пен жаңа технологиялар қазір өмірдің барлық саласына еніп келе жатқанын айтты. Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бұл салаға ерекше көңіл бөлініп жатқанын жеткізді. Оның дәлелі ретінде жақын арада қолданысқа енетін «AI Imam» жобасын атады.

Сабақ имамдарға қажетті презентация жасау, моушн-видео мен видеомонтаж, Vibe Coding және AI агенттер секілді 4 бағытқа бөлінді. Тимур Серікқанұлы қатысушыларға діни білімді заманауи тәсілмен қалай ұштастыру қажеттігін түсіндіріп,  жасанды интеллект құралдарының негізгі бағыттары мен олардың мүмкіндіктерін таныстырды.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру