Атырауда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Жамағат барысы – 2026» облыстық турнирі өтті.
Жаңаталап спорт кешенінде ұйымдастырылған дүбірлі додаға ауыл ақсақалдары, спортшылар, жергілікті әкімдік өкілдері және мешіт имамдары қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында облыстың Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, ел тәуелсіздігінің қадір-қасиетіне тоқталды.
Жарыс барысында 60, 82 және 90 келі салмақ дәрежесінде балуандар өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей нәтижелерге ие болды:
60 келі салмақ дәрежесі:
І орын – Жүніс Бекет (Бақтыгерей молла мешіті);
ІІ орын – Қуандық Азиз (Анашым мешіті);
ІІІ орын – Айтқали Әділбек (Абай мешіті, Қызылқоға ауданы).
82 келі салмақ дәрежесі:
І орын – Ыстыбаев Нұрболат (Мәулімберген мешіті);
ІІ орын – Нұрашев Нұрым (Ықылас мешіті);
ІІІ орын – Аруов Аманбек (Бәйтерек мешіті, Қызылқоға ауданы).
90 келі салмақ дәрежесі (түйе балуандар):
І орын – Қалиев Арман (Бәйтерек мешіті, Қызылқоға ауданы);
ІІ орын – Сапарғалиев Әділет (Мақат ауданы);
ІІІ орын – Ізғалиев Руслан (Құспан молла мешіті).
Сонымен қатар, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан төрешілер Жандос Тілекбаевқа, Әділ Алданбаевқа және Тілек Оқасовқа ҚМДБ Атырау облысы өкілдігі атынан алғыс хаттар табысталды.


























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
amin.kz
23.11.2026
208
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру