Республика күні қарсаңында Атырау қаласындағы Иманғали орталық мешітінде Құран хатым оқылып, жамағатқа арналған рухани дастархан жайылды.
Шараға қатысқан Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жамағатты мерекемен құттықтап, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадір-қасиеті туралы сөз қозғады.
Жиын барысында мешіт ақсақалдары ақ баталарын беріп, елдің амандығы мен жұрттың тыныштығын тіледі. Ал имам-ұстаздар жамағатқа тағылымды насихат айтып, бірлік, бауырмалдық, отансүйгіштік және рухани құндылықтарды сақтау жөнінде ой өрбітті.
















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
amin.kz
23.10.2026
114
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру