Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Мешіт аулалары тазартылды

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі "Аймағанбет қажы Спанұлы" мешіті 23.10.2026 339 0 пікір
Қостанай: Мешіт аулалары тазартылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігі өңірдегі барлық мешіттің ауласында күзгі сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды.

Игі шара барысында мешіт қызметкерлері мен жамағат бірлесе атсалысып, айналаны қоқыстан тазартып, түскен жапырақтарды жинап, аумақты ретке келтірді.

Аталған шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлық таныту және көпшілікке тазалықтың маңызын насихаттау.

Қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Өзіміз өмір сүріп жатқан мекеннің көркеюіне үлес қосып, тазалық пен ұқыптылықты күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналдыру – баршамызға ортақ жауапкершілік.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру