Павлодар қаласында «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінде жаңа оқу корпусының ашылу салтанаты өтті.
Шараға ҚМДБ Діни оқу-ағарту және кадр дайындау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Тілегенұлы Аршабаев қатысып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Павлодар облысының бас имамы Жұманазар Қари Өсерханұлы құрылысқа қолдау көрсеткен демеушілерге алғыс айтып, бірқатар азаматты марапаттады.
2023 жылдың көктемінде іргетасы қаланған екі қабатты ғимарат 200 студентке арналған. Мұнда 20 оқу кабинеті, акт залы, кітапхана және әкімшілік бөлмелері бар. Құрылыс жеке кәсіпкерлер Талғат Бақытұлы мен Бақыт Нұрғалиұлының қаржылай қолдауымен жүргізілді.
Медресе-колледждің жер телімі мен барлық ғимараттары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына тиесілі.
Қазіргі таңда оқу орнында 110 шәкірт білім алып жатыр. Жаңа корпустың ашылуы жастарға сапалы діни білім беріп, білікті мамандар даярлау ісіне тың серпін береді деген сенімдеміз.












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Павлодар облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
23.10.2026
343
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру