Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркияда Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш өтті

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 28.09.2026 58 0 пікір
Түркияда Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш өтті

Түркия Республикасының Конья қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш өтті.

Жиынды ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі Абдурашит Зиядинұлы ұйымдастырды. Басқосуға Конья қаласында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен қатар Анкара және Кайсери қалаларынан арнайы келген жастар қатысты.

Кеш барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жастарға арналған сәлемі мен ізгі тілегі жеткізілді.

ҚМДБ өкілі жастарға білім мен ғылымның маңызын айтып, шетелде білім алып жүрген қазақ жастарының ел алдындағы жауапкершілігіне тоқталды.

«Сапалы білім мен өрелі ғылымды меңгеру – уақыт талабы. Жақсы оқып, білікті маман болып қайту, ел мен ата-ананың үкілеген үмітін ақтау – әрбір қазақ жасының Отан алдындағы абыройлы борышы», – деді Абдурашит Зиядинұлы.

Рухани кеште Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар айтылып, Мәуліт жыры оқылды. Сондай-ақ тағылымды уағыз-насихат айтылып, елдің амандығы, жұрттың тыныштығы және шетелде білім алып жүрген жастардың игілігі үшін дұға жасалды.

Жиын аясында жастар арасында шағын футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылып, бауырластық пен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған түрлі шаралар өтті. Балаларға арнайы ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар мен тәттілер табысталды.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру