Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан Indo Halal 2026 халықаралық көрмесіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының делегациясы қатысуда.
Көрменің ашылу салтанатында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермей Мұқатай, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов және Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігінің кеңесшісі Арнұр Таңбай құрметті қонақтар қатарында болды.
Айта кетсек, Indo Halal 2026 халықаралық көрмесіне Қазақстан атынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» мекемесі қатысып, Қазақстандағы халал индустриясының қалыптасуы мен даму бағыттарын таныстыруда. Халықаралық көрме аясында Қазақстанға арнайы көрме алаңы бөлініп, аталған стендте еліміздегі халал индустриясының қалыптасу тарихы, қазіргі даму деңгейі, халал өнім өндірісінің негізгі бағыттары және Қазақстандағы халал сертификаттау жүйесі және халал өнімдер туралы кеңінен ақпараттар берілуде.
Indo Halal 2026 көрмесі – халал индустриясы саласындағы халықаралық тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға және отандық халал өнімдерді халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.
Әлемнің 100-ге жуық мемлекетін қамтыған халықаралық шараға Қазақстан атынан «Халал Дамудың» қатысуы еліміздегі халал индустриясының әлеуетін танытып, отандық кәсіпорындардың әлемдік халал нарығына шығуына жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
24.09.2026
333
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру