Анкара қаласында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілі Түркия Дін істері басқармасы (Diyanet İşleri Başkanlığı) төрағасының орынбасары Хафиз Осман Шахин (Hafiz Osman Şahin) және Шетелдегі білім беру мен бағыт-бағдар беру департаментінің басшысы, доктор Нуруллах Каракашпен (Dr. Nurullah Karakaş) кездесті.
Ресми жүздесуде ҚМДБ өкілі лауазымды тұлғаларды жаңа тағайындалған жауапты қызметтерімен құттықтап, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ізгі сәлемі мен дұғасын жеткізді.Кездесу барысында екі бауырлас ел арасындағы діни-рухани және ағартушылық бағыттағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Өкіл Түркия Дін істері басқармасы тарапынан Анадолы жерінде білім алып жатқан қазақстандық студенттерге көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдау мен қамқорлық үшін ерекше ризашылық білдірді.
Өз кезегінде Түркия Дін істері басқармасының өкілдері де ҚМДБ-мен арадағы бауырластық қарым-қатынасты жоғары бағалап, білім беру мен рухани саладағы бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға ниетті екендіктерін жеткізді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
13.09.2026
47
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру