Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛАРЫ МИНА ЖАЗЫҒЫНА ЖИНАЛДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 25.05.2026 58 0 пікір
ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛАРЫ МИНА ЖАЗЫҒЫНА ЖИНАЛДЫ

Қасиетті Меккеге келген қазақстандық қажылар бүгін Мина жазығына жиналды. Осыған орай Қазақстан қажылық миссиясының өкілдері қажылар орналасқан шатырларды аралап, олардың жағдайымен танысты.

Миссия төрағасы, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы бастаған миссия мүшелері әр шатырға арнайы кіріп, қажылардың хал-жағдайын сұрады. Сондай-ақ оларға денсаулықтарына мұқият болып, өздеріне дұрыс күтім жасауды, сақтық шараларын ұстануды ескертті. ҚМДБ-мен бекітілген ұстаздар мен пәтуа мамандары қажылардың көкейіндегі түрлі сауалдарға жауап беріп, рухани насихат айтты.

Ихрам киіп, тәлбия айтып Минаға жеткен 4000 қазақстандық қажы арнайы тігілген шатырларда Құран оқып, намаз орындап, уағыз-насихат тыңдап, күн батқанға дейін құлшылықпен айналысады. Олар бүгін осы жерде түнеп, ертең Арафат тауына аттанады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру