Қазақстаннан қасиетті қажылық сапарына аттанған барлық отандасымыз Сауд Арабиясы Корольдігінің Мекке және Мәдина қалаларына сәтті жетті. Қажыларды әуежайдан Қазақстан қажылық миссиясының өкілдері қарсы алып, қажетті ұйымдастыру және бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырды.
Қазіргі уақытта қазақстандық қажылар толықтай қонақүйлерге орналастырылып, оларға отандық 14 қажылық туроператоры қызмет көрсетуде. Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы Кенжетай Байкемелұлы бастаған миссия мүшелері туркомпаниялардың қызмет сапасын бақылап, қажыларға көрсетілетін қызметтердің талапқа сай орындалуын қадағалау жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар миссия өкілдері қажылардың денсаулығы мен жалпы жағдайын тұрақты назарда ұстап, қасиетті сапардың жайлы әрі қауіпсіз өтуіне жан-жақты жағдай жасауда.
Бүгінде отандастарымыз умра рәсімдерін орындап, ұлық қажылық күндеріне рухани әрі практикалық дайындық жұмыстарын жалғастыруда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 14 уағызшы имам қажыларға насихат айтып, рухани қолдау көрсетуде. Ал ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің жауапты мамандары қажылар тарапынан қойылған діни сұрақтарға жауап беріп, шариғи түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, биыл 4000 отандасымыз қажылық парызын өтейді. Оларға 14 туркомпания қызмет көрсететін болады.













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
23.05.2026
29
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру