Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМҒА ҚАТЫСТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.05.2026 55 0 пікір
ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМҒА  ҚАТЫСТЫ

Бүгін Джидда қаласында Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және Ұмра министрлігінің ұйымдастыруымен 50-ші рет Халықаралық Қажылық симпозиумы өтті.

Алқалы жиынға Қазақстан Қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы бастаған миссия мүшелері қатысты. Сондай-ақ Сауд Арабиясы Қажылық және Ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан әр-Рабия және әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұсылман елдерінің өкілдері бас қосты.

Симпозиум барысында қажылық маусымына қатысты маңызды талаптар мен қауіпсіздік шаралары жан-жақты талқыланып, қатысушыларға кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ісшара аясында дәрігерлерге арналған «Қажылық кезіндегі медициналық қызмет сапасын арттыру» тақырыбында арнайы семинар ұйымдастырылып, онда қажыларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын көтеру, жедел әрекет ету және профилактикалық шараларды күшейту мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар, қажылардың келуі мен қайтуы кезіндегі көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыру, адам көп шоғырланатын орындардағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, аптап ыстықтың адам денсаулығына тигізетін әсерінен қорғану жолдары кеңінен түсіндірілді. Саудия тарапы ұсынған ақпараттық-түсіндіру материалдарында қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулықтарын сақтау және қажылық рәсімдерін қолайлы жағдайда атқаруына бағытталған нақты талаптар қамтылды.

Қазақстан Қажылық миссиясының өкілдері де семинарларға белсенді қатысып, халықаралық тәжірибе алмасып, қажыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған пайдалы мәліметтермен танысты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру