Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Кенжетай Дүйсенбай бастаған миссия мүшелері Жидда халықаралық әуежайынан 166 отандасымызды қарсы алды.
Қасиетті сапарға келген қажыларға миссия мүшелері сәттілік тілеп, ақжарма тілектерін жеткізді. Сондай-ақ қажыларды күтіп алу рәсіміне ҚР Дін істері комитетінің өкілі Раухан Қанапина, Сауд Арабия Республикасындағы Қазақстанның Бас консулдығынан Ерсін Серіков, Алматай Муралиев қатысты.
Қажылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету - Қажылық миссиясының негізгі басым бағыттарының бірі. Осы мақсатта миссия құрамындағы дәрігерлер тәулік бойы кезекшілік атқарып, арнайы бекітілген медицина мамандары әрбір қажының жағдайын тұрақты бақылауда ұстайды.
Биыл қасиетті қажылық парызын өтеу үшін елімізден 4000 отандасымыз қасиетті мекенге аттанады. Алдағы күндері Қазақстанның өзге өңірлерінен де тікелей әуе рейстері арқылы қажылар келуі жоспарланған. Қажылық сапарын ұйымдастыруға қатысты барлық жұмыстар Қажылық миссиясының тұрақты бақылауына алынған.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қажылық миссиясы қасиетті сапар барысында қажыларға бес негізгі бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Атап айтқанда: ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстары, уағыз-насихат жүргізу, сұрақ-жауап және пәтуа беру, алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ ақпараттық қолдау жұмыстарын жүзеге асырады.













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
18.05.2026
372
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру