Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мысырдағы Қазақстан Елшілігі студенттерге ауызашар берді

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 02.03.2026 3748 0 пікір
Мысырдағы Қазақстан Елшілігі студенттерге ауызашар берді

Қазақстан Республикасының Каир қаласындағы Елшілігі Әл-Азһар университетінде білім алып жүрген қазақстандық студенттерге арнап ауызашар дастарқанын жайды.

Қасиетті Рамазан айында ұйымдастырылған рухани басқосу Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітінде өтті. Іс-шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Мысырдағы өкілдігіне қарасты «Талаба» қауымдастығының студенттеріне арналды.

Кеш барысында Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Жеңіс ауызашарға жиналған жамағатты қасиетті ораза айымен құттықтап, мұндай тағылымды кездесулердің мән-маңызына тоқталды. 

Өз кезегінде ҚМДБ-ның Мысырдағы тұрақты өкілі Руслан Амантұрсынұлы жиналған жастарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемі мен Рамазан айына арналған құттықтауын жеткізді. Ол білім мен руханиятты қатар алып жүрген қазақ жастарының ел абыройын асқақтатып жүргенін ерекше атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру