Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Уақып қорының төрағасы жұмыс сапарымен барды

ШҚО өкілдігінің баспасөз қызметі naqyl.kz 09.12.2025 703 0 пікір
ШҚО: Уақып қорының төрағасы жұмыс сапарымен барды

ҚМДБ «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының басқарма төрағасы Азамат Әбдікерімұлы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды. Сапар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бағдарлық баяндамасында көрсетілген негізгі бағыттар аясында жүзеге асты.

Іссапар барысында Қор төрағасы Өскемен қалалық орталық мешітінде және қыздарға арналған қайырымдылық мекемесінде болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Сондай-ақ ШҚО жамағаты мен өңір кәсіпкерлеріне «Уақып» қорының қызметі таныстырылып, түсіндірме шаралары ұйымдастырылды. Қайырымдылық істерге үлес қосқан кәсіпкерлерге Уақыпнама табысталды.

Өңір кәсіпкерлері Қор төрағасына алғыс айтып, алдағы уақытта да ел игілігі үшін жасалатын сауапты істерге үлес қоса беруге дайын екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру