Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАРОККОДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.06.2025 958 0 пікір
МАРОККОДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы бастаған мүфтият делегациясы Марокко Корольдігіне арнайы іссапар барысында Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сәулекүл Сайлауқызымен арнайы кездесті.

Кездесу барысында делегация мүшелері Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы сәлемін жеткізді. Өз кезегінде Сәулекүл Сайлауқызы ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлына екі ел арасындағы достық және рухани ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, делегацияның сапарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, ҚМДБ делегациясы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен имамдардың білімін жетілдіру институтының жұмысымен танысу мақсатында Марокко Корольдігіне арнайы барған болатын.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру