
Қазақстан Қажылық миссиясының өкілдері Мекке қаласында алғашқы медициналық көмек көрсету орталығының жұмысымен танысты.
Наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы бастаған миссия өкілдері дәрігерлік ем-шара кабинетінің жұмыс барысымен, сонымен қатар қазақстандық қажылар үшін арнайы елден жеткізілген отандық дәрі-дәрмектер тізімін көріп шықтты.
«Қажылардың денсаулығын қадағалау, оларға дер кезінде дәрігерлік көмек көрсету – Қажылық миссиясының негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Сондықтан бұл саладағы жұмыстарды тиянақты түрде жауапкершілікпен орындауымыз керек. Осы ретте қажылар арасында түсіндіру іс-шараларын жүргізу аса маңызды. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолды іздеуге көмектесуіміз керек» деді Кенжетай Байкемелұлы.
Айта кетейік, Қазақстан қажылық миссиясының құрамындағы білікті ер және әйел дәрігерлер, сондай-ақ 15 туроператордың әрқайсында бір дәрігер қажылардың денсаулығын қадағалайды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру