Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ХАЛАЛ ДАМУ» : РЕСЕЙДЕГІ КӘСІПОРЫН ТЕКСЕРІЛДІ

ҚМДБ «Халал Даму» орталығы halaldamu.kz 11.04.2025 765 0 пікір
«ХАЛАЛ ДАМУ» : РЕСЕЙДЕГІ КӘСІПОРЫН ТЕКСЕРІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен жауапты маман Мейіржан Бауыржанұлы Ресей Федерациясындағы сусын өндіретін кәсіпорында алғашқы аудит жұмыстарын жүргізді.

Аудит барысында кәсіпорынның өндірістік үдерісі, қолданылатын шикізат пен тағамдық қоспалар, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталу деңгейі жан-жақты тексерілді. Сондай-ақ технологиялық желілер, қойма аймақтары, дайын өнімдерді сақтау және тасымалдау талаптарының халал стандартына сәйкестігі мұқият назарға алынды.

Тексеру нәтижесінде кәсіпорын басшылығына халал стандарты бойынша қойылатын талаптар кеңінен түсіндіріліп, екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Аудит қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар беріліп, тиісті түзетулер енгізілген жағдайда кәсіпорынға «QMDB Halal» сертификатын беру мүмкіндігі қарастырылатыны айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру