
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Талаба» қауымдастығының Мысыр Араб Республикасындағы орта арнаулы, жоғары діни оқу орындарында оқитын 230 шәкіртке Маңғыстау облысы өкілдігінің атынан ауызашар берілді.
Ауызашар дастарқаны Каир қаласындағы ҚМДБ-ның «Сұлтан Бейбарыс» мәдени орталығында жайылды. Қасиетті Рамазан айындағы елдің ыстық сәлемдемесіндей қайырымдылыққа дән риза болған шәкірттер ауызашар ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру