
Қазақстан мұсылмандары міни басқармасының Түркия Республикасындағы жауапты өкілі Абдурашит Зиядинұлы Кайсери қаласындағы «Хасеки» академиясының директоры, PhD докторы Ахмет Темизканмен және сонда білім алып жатқан қазақ студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында Абдурашит Зиядинұлы Академия басшылығына және білім алушыларға ҚМДБ Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, студенттердің хал-ахуалымен танысты. Сондай-ақ, ол жастардың сұрақтарын тыңдап, көкейінде жүрген мәселелерге жауап берді. Жиын барысында сауатты мақала жазу, діни әдебиеттерді аудару, қасиетті Рамазан айына дайындық және ауызашар ұйымдастыру мәселелері қозғалды.
Абдурашит Зиядинұлы сондай-ақ Конья қаласындағы «Хасеки» академиясының директор орынбасары, PhD докторы Хасан Демирел мырзамен жеке кездесіп, білім беру үдерісі мен қазақ студенттерінің діни білім алудағы мүмкіндіктері жайлы пікір алмасты. Бұл кездесу студенттер үшін маңызды тәжірибе алмасу алаңы болып, олардың діни әрі ғылыми білімдерін жетілдіруге оң ықпалын тигізеді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру