Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы Түркияда өткен X «HALAL EXPO-2024» дүниежүзілік саммитіне қатысты.
Түркия Президенті Реджеп Ердоғанның қолдауымен «Cтамбул Экспо» орталығында ұйымдастырылған саммитке 110 мемлекеттен делегаттар қатысып, 1000-нан астам кәсіпорын өз өнімдерін ұсынды.
Саммиттің ашылуы қасиетті Құран аяттарымен басталып, Түркия Президенті Реджеп Ердоғанның құттықтау сөзімен жалғасты. Президент жолдауында халал сертификаты бар өнімдер мен қызметтердің таза, салауатты және діни сезімталдықты құрметтейтінін, сыйымдылығы 5 триллион доллардан асатын бұл нарықтың одан әрі өсуіне мүмкіндік беретінін айтты.
Саммит барысында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Сондай-ақ, II сессиялық отырыста халалдың Қазақстандағы жәй-күйі жайында баяндама жасап, елімізде халал өнімдер мен қызметтердің даму үрдісін, халал сертификаттау жүйесінің жұмысын және осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпараттарды бөлісті.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру