Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркия: Мүфтияттың Мысырдағы өкілі студенттермен кездесті

muftyat.kz 20.11.2024 1985 0 пікір
Түркия: Мүфтияттың Мысырдағы өкілі студенттермен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Мысыр Араб Республикасындағы жауапты өкілі Руслан Серғазиев Түркияда білім алып жатқан қазақ студенттерімен кездесті.

Ыстамбұл қаласында «Ансар» білім және қайырымдылық қорының студенттерімен өткен рухани кездесуді ұйымдастыруға осы елдегі «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Абдурашит Зиядинұлы ұйытқы болды.

Кездесу барысында Руслан Амантұрсынұлы шетелде білім алып жатқан жастарға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, ілім алудың маңызы мен елге, қоғамға пайдалы істермен айналысу туралы өнегелі насихатын ортаға салды. Сонымен қатар, ол Мысырдағы қызметтік тәжірибесі мен сол елде білім алып жатқан қазақ жастарының діни ахуалы жайлы ой бөлісті.

Жиын рухани терең мазмұнымен ерекшеленіп, студенттерге өмірлік бағыт-бағдар беріп, білім жолындағы ізденістеріне шабыт сыйлады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру