Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікханұлы Ташкент қаласында өткен «Central Asian Startup Forum» халықаралық форумына қатысы.
20 елдің делегаттары мен халықаралық ұйымдар өкілдері қатысқан форумның мақсаты – аймақтық және халықаралық деңгейде байланыстарды нығайту, тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты дамыту.
Сондай-ақ, «U-Enter» инновация орталығында өткен форум аясында қазіргі қоғамда жасанды интеллектті қолдану мәселелері туралы арнайы семинар ұйымдастырылды. Басты спикер сарапшы Шавкат Каримов жасанды интеллекттің қазіргі даму деңгейі мен болашағы туралы құнды ақпаратпен бөлісті. Бұған қоса, жасанды интеллекттің негізгі компоненттерінің бірі – нейрондық жүйелер жайлы жан-жақты талқылап, қатысушыларға жаңа технологияларды тиімді қолдану жолдарын көрсетті.
Іс-шараға қатысушылар жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен танысып, өз салаларында қолдану әдістері туралы сұрақтарына жауап алды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру