ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Батыс Қазақстан облысының бас имамы Самат Әлібаев Ресей Федерациясы Астрахань қаласында өткен «Дәстүрлі Ислам: қазіргі жаһандық әлемдегі даму мүмкіндіктері мен келешегі» халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.
Аталмыш жиынға Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінің дін өкілдері қатысты. Конференция Ресей мұсылмандары орталық діни басқармасының құрамындағы Астрахань аймақтық мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен және Астрахань облысының губернаторы әкімшілігінің қолдауымен өтті.
Жиында бас қосқандар қоғамның қауіпсіздігі мен дәстүрлі Исламға байланысты қауіп-қатерлерге қарсы тұру бағытындағы мұсылман жамағаттарының өзара әрекеттесу перспективалары жөнінде талқылады. Жергілікті билік пен қоғамдық ұйымдардың, аймақтың мұсылман діни басқармаларының өзара әрекеттесуі аясында тәжірибе алмасты.
Конференция нәтижесі бойынша «Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мұсылман жамағаты үшін дәстүрлі Исламның ортақ құндылықтары және ұстанымдары жөнінде қоғамдағы исламофобияның туындауы мен радикалды көзқарастардың пайда болу қаупін төмендетуге бағытталған Миссионерлік саладағы осы елдердің мұсылман діни көшбасшыларының ынтымақтастығы жөнінде» қаулысы қабылданды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру