Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛТАЙ МҮФТИІ: ТАРИХИ ОТАНЫМЫЗҒА АРҚА СҮЙЕЙМІЗ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.07.2024 2111 0 пікір
АЛТАЙ МҮФТИІ: ТАРИХИ ОТАНЫМЫЗҒА АРҚА СҮЙЕЙМІЗ

Ресей Федерациясындағы Алтай Республикасының мүфтиі Жанболат қажы Оқтаубаев осы елге арнайы жұмыс сапарымен келіп, рухани қолдау көрсеткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлына айрықша алғыс білдірді.

«Бас мүфтиіміз Наурызбай қажы Тағанұлы біздің шақыртуымызды қабыл алып, қалың қазақ қоныс тепкен Қос ағаш елді мекеніне келіп, рухани қолдау көрсетіп кетті. Имамдарымызға күнделікті діни қызмет үшін қажет болған сәлде мен шапандарды сыйға тартты. Сонымен қатар дін қызметкерлері мен мешіт жамағатына «Muftiyat» баспасынан шыққан кітаптарды да үлестіріп, қуанышқа бөледі. Біз әрқашан тарихи Отанымызға арқа сүйейміз. Шеттегі қандастарымызға үнемі қолдау көрсетіп, қамқорлық танытып жүретін аға-бауырларыма шынайы ниетпен ризашылығымды жеткіземін» деді Ресей Федерациясындағы Алтай Республикасының мүфтиі Жанболат қажы Оқтаубаев.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру