Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркия: Қуғын-сүргін құрбандарына Құран бағышталды

muftyat.kz 31.05.2024 1213 0 пікір
Түркия: Қуғын-сүргін құрбандарына Құран бағышталды

Түркия астанасы Анкарадағы «Көкту» қазақ мәдени қоғамының ұйымдастыруымен 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті.

Алдымен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына арналған ескерткіш алдына гүл шоқтарын қою рәсімі жасалды. Шарада Анкара Хажы Байрам вели университетінің оқытушысы профессор Гүлжана Құрманғалиқызы сөз бастап, саяси қуғын-сүргін боздақтарын еске алды. Бүгінгі күннің қаншалықты маңызды екенін баса айтты. Бұдан кейін қазақстандық студент Болат Қыдыр Мағжан Жұмабаевтің «Сағындым» өлеңін оқыды.

Шараны қорытындылай келе, ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі, «Талаба» студенттер қауымдастығының басшысы Абдурашит Зиядинұлы Құран оқып, сауабын құрбандардың рухына бағыштады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру