Осы аптада Ливия елінің Бенғази қаласында Құран Кәрімді жатқа оқудан XII Халықаралық байқауы басталды. Он екі күнге созылатын байқауға еліміздің атынан Абдулғани Мирболатұлы қатысуда.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен мүфтият жанынан ашылған Құран секторының меңгерушісі Серік қари Ахметтің айтуынша, Халықаралық Құран Кәрім байқауында әлемнің 62 елінен келген 102 қари бақ сынап жатыр. Сондай-ақ қарилар басқосқан іс-шара аясында халықаралық Құран жарыстарын өткізу жөнінде арнайы жиын өтеді деп жоспарланған.
Ел намысын қорғап жатқан Абдулғани қариға сәттілік тілейміз!








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
17.05.2024
2637
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру