Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркия: ҚМДБ өкілі су тасқынынан зардап шеккендерге дұға жасады

muftyat.kz 02.04.2024 404 0 пікір
Түркия: ҚМДБ өкілі су тасқынынан зардап шеккендерге дұға жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілі Абдурашид Қарабаев Қожаелі қаласына барған сапарында елімізде су тасқынынан зардап шеккен отандастарымыз үшін ауызашар уақытында арнайы дұға жасады.  

Сапар барысында Абдурашит Қарабаев Ихтисас Діни академиясының президенті, доц.др. Енвер Осман Каан мырзамен және Қожаелі Діни академиясының директоры Шенол Тирякимен кездесті. Кездесу барысында «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Абдурашид Қарабаев Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының  сәлемін жеткізе отырып, Рамазан айымен құттықтап, білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселесін сөз етті. Абдурашит Зиядинұлы Қазақстандық діни білім алушыларға жан-жақты қолдау көрсеткен Түркия мемлекетіне өз ризашылығын білдірді. Э.О.Каан мырза Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен қандас бауырларға Алладан жеңілдік тілеп, шынайы ықыласын білдірді.

Шара соңында «Талаба» қауымдастығының атынан қазақстандық 40-тан астам студентке ауызашар дастарқаны жайылды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру