Түркі мемлекеттерінің мүфтилері мен араб елдерінен арнайы келген дін басшылары Бұқара қаласындағы дін ғұламасы Баһауддин Нақышбандтың мазарын зиярат етті.
Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Түркіменстан және Тәжікстан елдерінің бас мүфтилері дін ғұламасының рухына Құран бағыштады. Сондай-ақ мүфтилер Баһауддин Нақышбанд мешітінде бесін намазын оқып, түркі елінің тұтастығы үшін дұға тіледі.
Айта кетейік, Баһауддин Нақышбанд – Орталық Азиядағы сопылық ілімнің ірі өкілі, дін ғұламасы. Бұқара қаласында өмірге келіп, тақуалығымен аты шыққан. Сопылық жолын ұстанып, әлемнің әр тарапына Ислам дінін жайған.
















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
27.11.2023
3177
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру