Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркия: ҚМДБ өкілі Халықаралық қауымдастық ұжымымен кездесті

muftyat.kz 06.11.2023 1099 0 пікір
Түркия: ҚМДБ өкілі Халықаралық қауымдастық ұжымымен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілі Жандос Айтбай Ыстамбұл қаласында «Халықаралық зағиптарға арналған Құран қызметі қауымдастығы» ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында қауымдастық атқарып жатқан жұмыстарын ҚМДБ өкіліне таныстырды. Бұл қауымдастық көзі көрмейтін зағип жандарға Браил жүйесімен әзірленген Құран Кәрім кітаптарын шығарумен және таратумен айналысады. Жандос Өмірзақұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, Түркия Республикасының 100 жылдық мерекесімен құттықтады. Ұжымның атқарып жатқан қызметтеріне табыс тіледі.

Қауымдастық басшылығы өз кезегінде зағип жандарға бірлесе отырып  қызмет етуге шақырды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру