Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӨЗБЕКСТАНДА ДІНИ ҚЫЗМЕТ ҮШІН АРНАЙЫ ТӨСБЕЛГІ БЕКІТІЛДІ

muslim.uz 26.09.2023 967 0 пікір
ӨЗБЕКСТАНДА ДІНИ ҚЫЗМЕТ ҮШІН АРНАЙЫ ТӨСБЕЛГІ БЕКІТІЛДІ

Кеше 25 қыркүйекте Өзбекстан Үкіметінің 495-сан қарарымен «Діни төзімділік» («Диний бағрикенглик») төсбелгісі бекітілді. Бұл туралы Өзбекстан мұсылмандары басқармасының ресми сайты хабарлады.

Өзбекстан мұсылмандары басқармасы Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұл марапатпен атақты мемлекет және қоғам қайраткерлері, діни-қоғамдық саланың басшылары мен белгілі ғалымдар, мемлекет мекемелері мен мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдар қызметкерлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлері, шетелдік тұлғалар мен ғалымдар марапатталады.

Сонымен қатар марапат иесін анықтау барысында оның соңғы 3 жылдағы діни-танымдық жұмысының тиімділігін арттыру, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ету, дінаралық және конфессияаралық татулық пен төзімділікті нығайту бойынша жүзеге асырған еңбектері ескеріледі.
Бұл марапат әр жылдың 16 қарашасында «Халықаралық төзімділік» күні қарсаңында салтанатты түрде табысталады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру