Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАИБ МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

muftyat.kz 11.09.2023 1676 0 пікір
НАИБ МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Мысыр Араб Республикасының Уақыптар министрлігінің ислам істері жөніндегі Жоғары кеңесі Каир қаласында «Киберкеңістік пен заманауи құралдарды діни дискурста дұрыс және теріс мағынада пайдалану» тақырыбында XXXIV халықаралық конференция өткізді.

Бас мүфтидің тапсырмасымен аталмыш конференцияға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы мен Қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет Діни басқарма атынан қатысты. Технологиялық ашылулар және заманауи дінді жаю жолдары талқыланған бірегей шараға осы елдің Уақыптар министрі Мұхтар Жұма, әл-Азһар уәкілі Мұхаммед ад-Дуини, Мысыр мүфтиі Шауқи Аллам, Иордания Корольдігінің Уақып және ислам істері министрі Мухаммад әл-Халайлә қатысып, сөз сөйледі.

Одан бөлек, конференцияға БАӘ Ислам істері және уақыптары бойынша Басқарма өкілдері және өзге елдерден келген министрлер, мүфтилер, елшілер, ғалымдар мен ойшылдар қатысты. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру