Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАСИЕТТІ МЕККЕ ҚАЛАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 13.08.2023 1569 0 пікір
ҚАСИЕТТІ МЕККЕ ҚАЛАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін қасиетті Мекке қаласында Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат министрлігінің ұйымдастыруымен «Әлемдегі дін істері, пәтуа басқармаларымен, шейхтықтармен және сол секілді мекемелермен байланыс» тақырыбында халықаралық конференция басталды.

Жиын қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, конференцияның мақсаты жайында бейнеролик ұсынылды. Екі күнге жалғасатын жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы шақыртумен келді. Бүгін жиынның жоспарына сай ҚМДБ Төрағасы арнайы баяндама жасайды.

Айта кетейік, конференцияға әлемнің 85 елінен 120-дан аса мүфтилер мен ғалымдар қатысуда. Халықаралық конференцияның мақсаты – мұсылман басқармаларымен ынтымақтастық орнатып, түрлі салада байланысты арттыру.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру