Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАИБ МҮФТИ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА (ФОТО)

muftyat.kz 23.02.2023 1088 0 пікір
НАИБ МҮФТИ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА (ФОТО)

Сауд Арабиясы Корольдігінің Жидда қаласында Ислам ынтымақтастық ұйымы жанындағы Халықаралық Ислам фиқһы (каноны) академиясының XXV съезі басталды.

Аталмыш шараға Академиядағы Қазақстанның тұрақты өкілі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар қатысуда.

«Академияның кезекті съезіне 57 елдің Ислам ғалымдары мен діни қайраткерлері қатысып отыр. Іс-шара барысында 15 ғылыми секция өтеді. Ғалымдар әлемдегі бүгінгі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, мұсылман жұртшылығын алаңдатқан тақырыптарды қозғайды. Бес күнге созылатын ғылыми кеңесте «Исламдағы ер мен әйелге діни және зайырлы білім алуды міндеттеудің үкімі», «Шариғатқа сәйкес қазіргі заманғы қаржылық операцияларды басқарудың үкімі», «Тастанды, шығу тегі белгісіз нәрестелер проблемасына шариғаттың көзқарасы», «Ислам шариғаты бойынша қазіргі психикалық аурулардың азаматтық міндеттерге тигізетін әсері», «Көшедегі қараусыз, қайыр сұраушы балалар және ауыр еңбек қызметкерлері проблемасын шешу туралы шариғи пікір» және өзге де өзекті мәселелер талқылануда» дейді Академиядағы еліміздің өкілі Ершат Ағыбайұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру