Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ИНДОНЕЗИЯДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА АРНАЙЫ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 06.02.2023 2093 0 пікір
БАС МҮФТИ ИНДОНЕЗИЯДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА АРНАЙЫ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ (ФОТО)

Бүгін Индонезияның Сурабая қаласында «Ислам фиқһы жаһандық өркениет үшін» бірінші халықаралық конференциясы мәресіне жетті. Екі пленарлық отырыстан тұратын конференцияға әлемнің 75 мемлекетінен 300-ден аса ғалым қатысты. Жиында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазіргі заманауи пәтуа беру мен Ислам фиқһының маңызы турасында арнайы баяндама жасады.

«Пәтуа беру тәсілі заманға, уақытқа, мекенге қарай өзгеріп отырады. Шариғи шешім қабылдауда сол қоғамдағы жағдай, салт-дәстүр, елдің менталитеті ескеріледі. Кез-келген елде пәтуа беруде ауызбіршіліктің сақталғаны жөн. Сол арқылы біз діни алауыздықтың алдын аламыз. Әркім пәтуа берсе, қоғамда пікірлер қайшылығы орын алады. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Нахл» сүресінде «Егер білмесеңдер, онда білетіндерден сұраңдар» (43-аят) деген.

Бүгінгі таңда заман ағымына сай жаңа пәтуалар қабылдануда. Біз мұсылмандар бұл ретте қоғам талаптарына сай жауап беруге тиіспіз. Соңғы жылдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесі де заманауи, қоғам сұранысына сай пәтуалар шығарды. Бүгінгі Ислам фиқһының адамзат өркениеті үшін атты тақырыпқа құрылған конференция аса маңызды деп санаймын. Бұл мұсылман үмбетінің әр салада дамуына жол ашады деп сенемін» деді Бас мүфти.

Айта кетейік жиында дін ғалымдары бүгінгі мұсылман үмбетінің ауызбіршілігі, әлеуметтік желі әдебі, пәтуа берудегі бірізділік, адами құндылықтар туралы айтты. Айта кетейік бүгінгі «Ислам фиқһы жаһандық өркениет үшін» конференциясы Индонезияда алғаш рет ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру