Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МЫСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ СТУДЕНТТЕРІ МӘУЛІТ КЕШІН ӨТКІЗДІ

muftyat.kz 25.10.2022 2466 0 пікір
МЫСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ СТУДЕНТТЕРІ МӘУЛІТ КЕШІН ӨТКІЗДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Мысыр Араб Республикасындағы өкілдігі, осы елдегі «Талаба» қауымдастығының ұйымдастыруымен рухани мәуліт кеші өтті.

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген айдың құрметіне ұйымдастырылған рухани кешке Каирдегі әл-Әзһар университетінде білім алып жатқан 130 қазақ шәкірті мен шетелдік студенттерге жауапты ұстаздар қатысты.

Алдымен мәуліт кеші қасиетті Құран аяттарымен басталып, Пайғамбарымыздың өмірі жайлы қасида жырлар оқылды. Бұдан кейін кештің арнайы қонағы ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы студенттерге рухани насихат айтып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіретіміздің құттықтау сәлемін жеткізді.

Сонымен қатар Діни басқарманың Мысырдағы тұрақты өкілі Руслан Серғазиев мәулітке келген құрметті қонақтар мен шәкірттерді мәуліт  мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жолдады.

Кеш соңында әл-Азһарда оқып жатқан шәкірттерге дастарқан жайылып, келген қонақтарға мәуліт сыйы жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру