Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркия: ҚМДБ өкілі Кайсеридегі қазақ студенттерімен кездесті

muftyat.kz 03.10.2022 2372 0 пікір
Түркия: ҚМДБ өкілі Кайсеридегі қазақ студенттерімен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілі Жандос Айтбай Кайсери қаласында діни білім алып жатқан қазақ студенттерімен кездесті.

Кездесуге Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің экономика бөлімі меңгерушісі Нуридин Аманқұл қатысты. Жандос Айтбайұлы шәкірттерге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. «Талаба» қауымдастығы қызметінің маңызын айта келе ҚМДБ өкілі:

«Баршаңызға сапалы білім алып, бастысы туған елге аман-есен оралуды тілеймін. Қазақ қоғамына рухани салада қызмет етіп отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шетелде діни білім алып жатқан ел студенттеріне әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Талаптарыңызға Алланың нұры жаусын!» деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру