Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ КАИРДЕГІ ӘЛ-ХУСЕЙН МЕШІТІНЕ ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.06.2022 1934 0 пікір
БАС МҮФТИ КАИРДЕГІ ӘЛ-ХУСЕЙН МЕШІТІНЕ ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Каирдегі ең ежелгі мешіттің бірі әл-Хусейн мешітіне барып зиярат жасады.

Уақып министрі Мұхаммед Мұхтар Жұма көне құлшылық ордасын көрсетіп, тарихымен толық таныстырды. Хан әл-Халили базарының маңында орналасқан 1154 жылы салынған. Әлемдегі Ислам мешіттерінің ішіндегі ең әсем мешітте екі мұнара бар. Мұнда көптеген киелі заттар сақталған. Сондай-ақ алтынмен және Шығыс әшекейлерімен безендірілген. Мешітте Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) немересі әл-Хусейннің сүйегі жерленген.

Уақып министрі мешіт ішіндегі тарихи жәдігерлерді толық таныстырды. Атап айтқанда, Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жейдесі, ұстаған қылышы мен сақалы сақталған. Бірнеше ғасыр өтсе де бұл дүниелер шірімей, бұзылмай сол күйінде жетіп отыр.

Айта кетейік, құлшылық ордасында бұдан бөлек көне Құранның қолжазбалары да сақтаулы. Бас мүфти Хусейн (Алла оған разы болсын) қабірін зиярат етіп, дұға бағыштады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру