Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Талаба» қауымдастығы спорт жарысын ұйымдастырды

muftyat.kz 04.05.2022 1891 0 пікір
«Талаба» қауымдастығы спорт жарысын ұйымдастырды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркиядағы өкілдігі «Талаба» қауымдастығы аясында Айт мерекесіне орай спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырды.

Ыстамбұл қаласында діни білім алып жатқан қазақ шәкірттері арасында өткен ойынға ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі әрі «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Жандос Айтбай арнайы келіп, шәкірттерге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау сәлемін жеткізді. Өзі де шәкірттерді айт мерекесімен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.

Сөз барысында айт мерекесінің маңыздылығына тоқталып, білім алуда жастарды жігерлендіретін қанатты сөздер айтты. «Әр қазақ менің жалғызым» деген ұранмен әр қазаққа бауырмашыл болуға шақырды.

Шара соңында шәкірттерге түскі ас беріліп, орын алған командаларға сый-сияпаттар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру