Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТҮРКИЯНЫҢ 8 ҚАЛАСЫНДА ШӘКІРТТЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

muftyat.kz 01.05.2022 2316 0 пікір
ТҮРКИЯНЫҢ 8 ҚАЛАСЫНДА ШӘКІРТТЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен 8 қалада қазақ шәкірттеріне ауызашар берілді.

«Талаба» қауымдастығының осы елдегі жетекшісі Жандос Айтбайдың айтуынша, Анкара, Ыстамбұл, Бурса, Конья, Кайсери, Денизли, Кожаелі және Қарабүк қалаларында ауызашар дастарқаны жайылып, оған 621 шәкірт қатысты. Тарқатып айтсақ, Анкара қаласында 50 адам, Стамбұл қаласында 150 адам, Бурса қаласында 100 адам, Конья қаласында 150 адам, Кайсери қаласында 40 адам, Денизли қаласында 46 адам, Кожаелі қаласында 40 адам және Қарабүк қаласында 45 адам ауызашар дастарқанына қонақ болды.

Жауапты өкіл Жандос Өмірзақұлы әр қалаға арнайы барып, ауызашарға қатысушыларды Рамазан айымен құттықтап ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемі мен қолдауын жеткізіді. Шәкірттерге ілім жолында табыс тілеп, білім алудың артықшылығы мен маңыздылығы, Отанға қызмет ету және қазақ шәкірттері арасында бауырмашылдық орнату жайлы насихат айтты.

Шәкірттер өз кезегінде ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру