Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӘЛ-АЗҺАР ДОКТОРЛАРЫНА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

muftyat.kz 30.04.2022 2254 0 пікір
ӘЛ-АЗҺАР ДОКТОРЛАРЫНА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Әл-Азһар докторлары Діни басқарманың Мысырдағы өкілдігі әрі «Талаба» қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстан студенттерімен ерекше ауызашарда бас қосты.

Рамазан айында әл-Азһарда оқып жатқан студенттерге Діни басқарманың осы елдегі өкілдігі «Талаба» қауымдастығының аясында бірнеше мәрте ауызашар өткізген болатын. Ал бұл берекелі дастарқанда уақыттарының тығыздығына қарамастан әл-Азһардың үш докторы Ридо Аддақиқи, Мухаммад Амин мен Дусуки Хажжаз қонақ болып, қазақ студенттерімен жүздесті.

Үш ғалым-ұстаздың Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде 7 жыл бұрын қызмет атқарғанын айта кеткен жөн. Рухани басқосуға Танта қаласынан арнайы келген  Ридо Аддақиқи қазақ шәкірттерге арналған білім орталығында  шәкірттердің сұрақтарына жауап беріп, ақыл-кеңесін бөлісті. Білім жолында уақытты тиімді пайдалануға шақырды. Қазақстанда бес жылдан артық ұстаздық еткен Д.Ридо Аддақиқи Қазақстанды сағынышпен еске алып, қазіргі таңда шәкірттері еліміздің барлық өңірлерінде дінімізге, руханиятымызға қызмет етіп жатқанын мақтанышпен еске алды. Сөзінің соңында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына және дінімізге қызмет етіп жатқан барлық дін қызметкерлеріне сәлемін жолдап, алдағы ораза айтпен құттықтады.

Студенттеріміз ғалымдармен бірге дәмдес болып, рухани ауызашар үшін алғыстарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру