Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: ТҮРКИЯДАҒЫ ӨКІЛ ОҚУ ОРНЫ РЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 28.02.2022 2302 0 пікір
ҚМДБ: ТҮРКИЯДАҒЫ ӨКІЛ ОҚУ ОРНЫ РЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі және «Талаба» студенттер қауымдастығының осы елдегі жетекшісі Жандос Айтбай Анкара қаласындағы Мұхаммед Хамидуллаһ атындағы халықаралық оқу орнының басшысы Хамза Иылмаз мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Жандос Айтбай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізе отырып, бауырлас екі елдің діні мен ділі бір екендігін және Қазақстан мен Түркия Діни басқармалары арасында өзара ынтымақтастық келісім орнағанын тілге тиек етті.

Сонымен қатар Жандос Айтбай аталмыш оқу орнының базасымен танысып, онда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен сұхбаттасты.
Діни басқарма өкілі «Талаба» қауымдастығының Бас мүфти тапсырмасымен Түркияда оқитын қазақстандық жастармен қарым-қатынасты күшейту мақсатында және олармен жүйелі жұмыс жүргізетінін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру