Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: МЫСЫРДАҒЫ ӨКІЛДІКТЕ ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 14.02.2022 4275 0 пікір
ҚМДБ: МЫСЫРДАҒЫ ӨКІЛДІКТЕ ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

ҚМДБ-ның Мысыр Араб Республикасындағы тұрақты өкілі Руслан Амантұрсынұлы әл-Азһар университеті жанындағы Ислам зерттеулері академиясының бас хатшысы докторы Назир Мұхаммед Аяд мырзамен кездесті.

Жүздесуде Мысыр Араб Республикасында оқып жатқан қазақстандық студенттерге қатысты мәселелер талқыланды.

Доктор Назир Мұхаммед Аяд 2021 жылы қазан айында Қазақстанға барған ресми сапарында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесуінде екі ел арасындағы тарихи-рухани байланысты нығайту жайында сұхбат құрғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ ҚМДБ-ның жұмыс барысымен танысып, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарына сәттілік тілеген болатын. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру