Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАВИЛЬ ГАЙНУТДИН ЖАҢА БАС МҮФТИДІ ҚЫЗМЕТІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 07.02.2020 684 0 пікір
РАВИЛЬ ГАЙНУТДИН ЖАҢА БАС МҮФТИДІ  ҚЫЗМЕТІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының және мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын лауазымды қызметке сайлануымен құттықтады. Ол бұл туралы Ресей мүфтилер кеңесінің ресми сайтында жариялады.
 
«Құрметті Наурызбай қажы Тағанұлы бауырым! Ресей мұсылмандары діни басқармасы және Ресей мүфтилер кеңесі атынан Өзіңізді жоғары да жауапты қызмет – Қазақстанның Бас мүфтиі болып сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Ресей мүфтилер кеңесі, Ресей мұсылмандары діни басқармасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арасында көпжылғы тығыз ынтымақтастық бар. Екі басқарма арасындағы жылдар бойғы бауырластық байланыс нәтижесінде көптеген жобалар мен бағдарламалар іске асты.

Біраз уақыттан бері сіз, қадірлі Наурызбай қажы Тағанұлы, құрметті бауырым Серікбай қажы Ораздың бірінші орынбасары ретінде біліміңіз бен парасатыңыздың арқасында көптеген қайырымды істердің жүзеге асуына мұрындық болдыңыз» дей келе Равиль Гайнутдин Бас мүфтидің жаңа қызметінде үмметіміздің бірлігі мен өркендеуі жолында жан аямайтын білікті басшы боларына сенім білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі