Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Австралия: тілсіз жаумен күрес

inform.kz 07.01.2020 3479 0 пікір
Австралия: тілсіз жаумен күрес

Австралия бүкіл құрлықты жалмаған тілсіз жаумен тынымсыз күрес жүргізіп жатыр. Ауа температурасының жоғарылығы мен құрғақшылық өртті тіпті өршітіп тұр.

Австралияның өрттен жапа шеккен аудандарына жаңбыр жауа бастады. Ауа температурасы да төмендеген. Десе де, шенеуніктер өрттің тың серпінмен өршуі мүмкін екенін ескертеді. Тілсіз жауды ауыздықтау сызығын бекемдеп алу үшін құтқарушылар ауа температурасының төмендеуін сәтті пайдаланып қалуға тырысып жатыр.

Жаңбыр Сиднейден Мельбурнға дейінгі шығыс жағалауға жауған. BBC-дің хабарлауынша, Жаңа Оңтүстік Уэльстің кейбір бөлігінде өтпелі жауын жүріп өткен. Жаңбыр суының құрамына күйе сіңіп кеткен. Жауын осыдан қап-қара болып жауып тұр. Шенеуніктердің мәлімдеуінше, жұмаға қарай ауа температурасы қайтадан шұғыл көтеріледі. Олардың ақпаратына сай, Виктория мен Жаңа Оңтүстік Уэльстегі өрт қосылып кетіп, ахуал тіпті ушығуы мүмкін.

Австралияда ауаның ластануы қауіпті жағдайда қалып отыр. Автралияның сақтандыру кеңесі келтірілген шығынға байланысты қыркүйекте өрт басталғалы бері 700 млн австралиялық доллар (369 млн фунт стерлинг) сомасына 9 мың сақтандыру талабы сатылғанын мәлімдеді.

Қазынашы Джош Фриденбергтің ABC-ға берген хабарламасына сай, өрттің экономикалық шығыны жайлы бірдеңе деуге әлі ерте. Қыркүйекте 25 адам мен миллионға тарта жан-жануар көз жұмып, 2 мыңға тарта үй жермен-жексен болған. Ал премьер-министр Скотт Моррисон алдағы екі жылда өрт шығынын қалпына келтіру үшін 2 млрд австралиялық доллар (1,4 млрд доллар; 1,1 млрд фунт) бөлінетінін мәлім етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру